Сіздер - еліміздің болашағысыздар! – А.Күрішбаевтың агроуниверситеттің 2019 жылғы 2444 түлегіне ақжолтай тілегі

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Ақылбек Күрішбаев өзінің фэйсбук парақшасында университеттің биылғы түлектерін оқуды аяқтауларымен құттықтап, тілек білдірді, деп хабарлайды silteme.kz AA.

"Мен Қазақстанның болашағы зор екеніне сенімдімін. Ең бастысы, басқарушылардың жаңа буыны өсіп келеді. Олар ерекше қабілетті жастар, «ұстаздан шәкірті озар»дегендей өте дарынды! Мен мұны С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жастарына қарап айтып отырмын.

Осы аптада университет түлектеріне бакалавр және ғылым магистрі дипломдарын табыстадым. Бұл жолы мен өз тілегімді білдіріп, 2019 жылғы 2444 түлектеріміздің әрқайсысына өз қолымнан дипломдарын табыс еттім.

Сіздерді тағы да құттықтаймын, сіздер - еліміздің болашағысыздар!", - деп атап өткен өз сөзінде ректор.

 

Айта кетейік, Ақылбек Қажығұлұлы 2011 жылғы 18 қазаннан бастап С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді. Оған дейін ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарған болатын.